Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Желтоқсан, 2020

Коронавируспен ауырғандар ерте қартаяды

 

Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова осылай дейді. Профессордың айтуынша, ағзаның ерте қартаюы инфекцияның жеңіл түрін жұқтырғандарға да қауіп төндіреді. Сарапшылар орташа және жеңіл дәрежедегі COVID-19-бен ауырған адамдарды тексерген. 

«Коронавирустың өте жеңіл түрімен ауырған науқастардың өзінің 70 процентінде кейбір ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Негізгі патология жүрек қана емес, бауырдың зақымдануы және ұйқы безі тінінде өзгерістер болды. Әдетте мұндай диагноздар 60 жаста қойылады, ал коронавируспен ауырғандарда 40 жаста қойылады», - деп түсіндірді биолог. 

Биологтың пікірінше вирустың салдары толық зерттелуі керек. 

«Коронавирустан жазылып шыққандарды жіті тексеріп, қайта-қайта анализдер алу керек. Ағзада не болып жатқанын білу маңызды. Менің білуімше қазір осындай зерттеулер басталды" — дейді Анча Баранова.

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз