Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 02 Желтоқсан, 2020

Асқар Мамин: Жер учаскесіне рұқсат беруді 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту керек

 

Жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту жұмыстарын аяқтау қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Асқар Мамин агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жол картасын әзірлеуді тапсырды «Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жылдың аяғына дейін Агроөнеркәсіп кешені мен жер қатынастарын одан әрі цифрландыру жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасына аса назар аудару қажет. Себебі онсыз заманауи цифрлық технологияларды пайдалану мүмкін емес», - деді Асқар Мамин. 
 
Сонымен қатар ол биыл жерлерді ғарыштан мониторингілеу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2021 жылдың аяғына дейін бүкіл республикаға 100 пайыз тарату үшін бұл жұмысты келесі жылы да жалғастыру қажеттігін ескертті.
 
 «Цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру, жер учаскелерін есепке алу мен ресімдеу процесінің ашықтығын арттыру, жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту жұмыстарын аяқтасын»,- деді Үкімет басшысы.



383 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз