- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 02 Желтоқсан, 2020
Әкім "Тақиялы періштені" қабылдады

"Бүгін 85 жасқа толуына орай белгілі актер, ардақты қария, «Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбеков ақсақалды қабылдадым.
Актерлік шеберлігінен бөлек, көңілі дариядай кең, баладай аңғал, ақ жүрек азаматтың адами болмысын жақсы көремін. Ағамызды Қазақстанның қай түкпірінде болсын жазбай таниды. Сексен жастың бел ортасына келсе де ардақты аға әлі тың, алып денелі батырдай. Лайым осындай еңселі қалпынан танбай, жүзге жетсін!
Алпыс жылдан астам уақыттан бері өмірдің барлық белестерінде бірге келе жатқан жұбайы Гүлжауар апа екеуі он бала тәрбиелеп-өсірген. «Ұрпақтарыңызбен ұзақ жасап, тәуелсіз еліміздің жемісті жылдарына куә болып аман жүріңіз», — деп ардагер ағалармен бірге тілек білдірдік",- деп жазды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің фейсбук парақшасындағы жазбасында.

115 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
Осы айда шаршы алаңға кімдер шығады?
Келесі мақала
Коронавирус неге өршіп барады?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *