Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Желтоқсан, 2020

Ақшамыз азық-түліктен артылмайды

2020 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығына кеткен қаражат көлемі 4,2%-ға артып, 566,3 мың теңге болды. Оның 53,2% немесе 301,1 мыңы азық-түлікке жұмсалған. 

Бұл жайт, яғни, отбасы шығысының жартысынан көбінің азық-түлікке бөлінуі теріс көрсеткіш болып есептеледі. АҚШ, Сингапур, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия, Аустрия сияқты елдерде азық-түлік қоржынына жұмсалатын қаржы көлемі шығыстың 10%-нан аспайды.

Біздің елімізде табыстың негізгі бөлігін халық тамаққа шығындайды. Бұл фактор халыққа қаражат жинақтауға, бизнеске ақша құюға және қаржы құралдарына инвестиция бөлуге мүмкіндік бермейді.

Азық-түлікке ең аз қаражат жұмсайтын – Нұр-Сұлтан тұрғындары (шығыстың 44,3%). Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан (45,3% ) мен Қостанай облыстары (45,5%).

Ал ең көп жұмсайтындар қатарында:
Түркістан (65,6%),
Маңғыстау (62,5%),
Атырау (61,5%) облыстары тұр.

587 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз