Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 03 Желтоқсан, 2020

Адамдар бір-бірімен өз пайдасы үшін араласа ма?

-"Күнде біреумен хабарласамыз. Жолығамыз. Шәй ішеміз, әңгімелесеміз. Таныс-біліс, дос-жаранмен араласуды нетуоркинг дейді ғой. Сонда мынадай ой келді, егер адамды бір компания немесе бренд деп елестетсек, ол да өнім шығарып, қызмет көрсетеді. Демек, сіз де кез келген бизнес сияқты қоғамға құндылық сыйлайсыз.

Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, адамдар 1% болса да, сізбен өз пайдасы үшін араласады. Оның алатын пайдасы сіз беретін құндылық. Көптен бері ойда жүрген, адам адамға беретін ТОП-5 кеңесті ұсынайын.

⠀1) ТІКЕЛЕЙ ПАЙДА - пәленшемен аралассам, сөйлессем, ол менің қызметімді пайдаланып, затымды сатып алады. Бизнесмен жігіттер, сетевой маркетинг өкілдері осы тактиканы көп қолданады. Бұндай араласудың мерзімі 1 айдан 6 айға дейін затын өткізгенше.

⠀2) АҚЫЛ-КЕҢЕС СҰРАУ - бір салада өзін мойындатқан немесе өмірлік тәжірибесі мол кісіні күту, шәйға шақыру, оның әдемі әңгімелерін тыңдау рәсімі. Көбіне жастар братандарын тыңдап, солай өсіп жетіледі. Бұндай араласу 1 жылдан 3-4 жылға дейін жалғасып, ақыл айтатын адам бір әңгімені бірнеше рет қайталағанша жалғасады.

⠀3) НЕЙМДРОППИНГ - танымал адамның атын пайдалану үшін араласу. Беделді кісімен түскен фотоңды жариялап, онымен таныстығыңды әңгіме арасында қосып жіберіп, сонымен аралас-құралас екеніңді білдіріп, өзіңе ұпай жинау, жақсы қызмет дәмету немесе клиент тарту бағытындағы тактика. Танымал кісі өзінің неймдроппинг обьекті болып жүргенін білгенше мәңгілік жалғасады. Я болмаса неймдроппинге жаңа кісі табылғанша.

⠀4) ОРТАҚ ТАҚЫРЫП - бір жерде жұмыс істейтін, оқитын-оқыған, өмір сүрген немесе қызығушылығы ортақ жандардың тусасы. Балыққа бірге баратындар, әр демалыста Playstation ойнайтындар, күнде жиналып ішетіндер осы категорияға жатады. Ғұмыры максимум 2-3 жыл, адам дамымаса, өмір бойы сол ортада жүре береді.

⠀5) ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ - белгілі бір мақсатқа жету үшін жиналып, әркім өз тәжірибесін айтып, дамып отырушы орта. Бұл жерде екі тарап та жеңілмейді, бәрі өзіне керегін алады. Екі жақ әдемі өсіп отырса, ғұмырлық араласу потенциалы бар нетуоркинг түрі.

Ұмыт қалдырған нетуоркинг түрі болса, айта отырыңыздар. Мен өз байқағанымды жаздым. Бұл да бір құнды контент болсын деп...

Кімнен, қашан, қалай, қанша уақыт аралассаңыз да, сіз біреуге құндылық сыйлайсыз. Әйтпесе, сізбен ешкім хабарласпас еді. Алып жаман үйренгенше, беріп дамыған дұрыс. Беруішінің қолы да, тілі де ұзынырақ болатыны сөзсіз. Сондықтан жұртқа құндылық сыйлауды үйреніп алсақ, барлық жерде сыйлы боламыз. Бедел деген сол..."

Nurlan Janaiдың фейсбук парақшасынан

1545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз