Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Желтоқсан, 2020

Ұлттық кеңестің 12 мүшесі Мәжіліс сайлауына қатысады

Ұлттық кеңестің 12 мүшесі Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне енді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.

Тізімде «Ауыл» партиясынан Төлеутай Рахымбеков пен Дәурен Қуат, «Ақ жол» партиясынан Дания Еспаева мен Иса Қазыбек, ал Қазақстанның «Халық» партиясынан Жамбыл Ахметбеков бар. Сонымен қатар Ұлттық кеңестің бірқатар өкілдері «Nur Otan» партиясының тізімін толықтырды.

Олар: Саясат Нұрбек, Канат Нұров, Бақытбек Смағұл, Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Айдос Сарым және Бекболат Тлеухан.

Дереккөз: 24.kz

398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз