Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Желтоқсан, 2020

Павлодарда көлік өртеніп, бір адам ауруханаға жеткізілді

 

Павлодарда кеше сағат 17:56-да Hyundai accent автокөлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлады Рavlodarnews.kz. «Генерал Дүйсенов көшесі, 56 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. 6 шаршы метр алаңда өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін багаждан сыйымдылығы 15 литр 1 газ баллоны эвакуацияланды. 1978 жылы туған ер адам жедел жәрдеммен №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне жатқызылды», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ер адамның бет, бел аймағын және сол қолын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған. 

 Тілсіз жау 18:09-да сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмыс істеді. Өрттің шығуына газ-ауа қоспасының жарылысы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.


290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз