Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Желтоқсан, 2020

Айналаңа жағам деп өзіңді ұмытып кеткен жоқсың ба?

"Жақсы қыз Синдромын" бұзу керек, әйтпесе бір күні сол синдром сенің өзіңді бүлдіреді. Бұл тіпті "озат оқушы синдромынан" да жаман, перфекционизмнен де қиындау. Өзің жақсы көретін жандарыңа жоқ дей алмау, өзіңді көлеңкеде қалдырып, қалауың мен тілегіңді көміп тастап, тек соларға көмектескің келе беруі дұрыс емес. "Алдымен солар, сосын мен". Таныс жағдай ма? Оларға ең тәттісін, өзіңе қалдығын. Қалдық та қалмайтын кездер аз емес. Тәрелкенің түбін сыпырып-сиырып, солар тоқ болса, рақаттанса болды, мен өлмеспін деу. Ал сен қашан рақаттанасың? Оны білмейсің, себебі өзіңе өзің түкіріп қол қойдың, негізі түкірдім деп есептейсің. Бір күні жан дүниеңде ғаламдық көтеріліс болады. Елдің бәріне иіле бергеннен шаршағаныңды сезінесің. Қолда барды беруден, шабыттандырудан, әр адамға қол ұшын созудан, әлдекімге тірек болудан шаршайсың. Сенің басыңа күн туғанда олар бетін тыржитып "Қыңқылдай бермей, жақсы нәрсені ойла" деп ақыл айтады. Ал сенің қыңқылдағың кеп тұр. Бір рет болса да басыңнан сипап, қатты құшақтап, сенің "болмашы қиындығыңа" күлмесе екен дейсің. Сен үшін ол болмашы емес, бәлкім. Сен өзгелерге уайымдағандай өзгелер де сен үшін уайымдаса ғой дейсің. Бір күні мықты бола беруден шаршайсың. Кішкентай, әлсіз, қорғансыз, сүйікті болғың келеді. Иә, сүйікті. Еркетотай, өзімшіл. Сондай болғаның үшін еш қысылмай жүргің келеді. Сені пайдаланып үйреніп қалғандар ту сыртыңнан ысылдай берсін... Есесіне сен өмір сүре бастадың. Өмір сүруді үйреніп келесің... 

 
Шынар Әбілданың инстаграм парақшасынан
 
«Бабочка на апельсиновой дольке»
© Алина Ермолаева, 2020

1354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз