Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақтар үздік ондыққа енді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әр салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады.

Бұрынғы әлем чемпионы Индонгоны жеңіп, IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта алғашқы ондыққа енді. Ол қазір тоғызыншы орында. Бұл салмақтың чемпионы америкалық кіші Эррол Спенс.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте тағы бір жерлесіміз Батыр Жүкембаев жетінші орынды сақтап қалды. Бұл дивизионда IBF белбеуі британиялық Джош Тейлорға тиесілі.

Орта салмақтың чемпионы - Геннадий Головкин. Ал бұл салмақта үздік ондықты Мейірім Нұрсұлтанов түйіндеп тұр. Жәнібек Әлімханұлы одан бір саты төмен, 11-орынға жайғасқан. 

Ал 16 желтоқсанда жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақта жетінші орында тұр. Оның америкалық Калеб Плантқа тиесілі чемпиондық белбеуге міндетті үміткер болуға толық мүмкіндігі бар.

687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз