- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 04 Желтоқсан, 2020
Бизнеске арналған барлық қызмет онлайн платформаға көшеді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексеру жүргізуге 3 жылдық мораторий қолданылып жатқанын еске салып, шара шеңберінде 1 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тексеруден босатылғанын жариялады.
⠀
Министрдің мәлімдеуінше, «Бизнеске арналған үкімет» онлайн-платформасы негізінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматы іске қосылды. Ол арқылы 200-ге жуық мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қолдау шарасы ұсынылды.
⠀
«Өз бизнесін дамыту мәселесі бойынша қызметтердің барлық спектрін онлайн-режимде пайдалануға болады. 11 өңірде толық форматты офлайн кеңселер жұмыс істейді», – деді Руслан Дәленов.
⠀
2021 жылға қарай бизнеске арналған барлық қызметтер онлайн-платформаға интеграцияланып, 6 өңірде офлайн офис іске қосылады.
⠀
«Биыл бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған реформалардың 8-пакеті қабылданды. Бірқатар қызметтер электронды форматқа ауыстырылды. Жылжымайтын мүлік мәмілелерінің қауіпсіздігі артты, құрылысқа қатысты бірқатар талаптар алынып тасталды», – деді Ұлттық экономика министрі.

227 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *