Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Желтоқсан, 2020

Елордада әлеуметтік сала қызметкерлері пәтерлі болды

Бүгін өз пәтерлеріне 100-ден астам отбасы кірді. Атап айтқанда, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

"Тұңғыш Президент күні қала тұрғындарының тағы бір бөлігі пәтерлерінде қоныс тойын тойлайды. Бүгін мұғалімдер, медицина қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды. Аталған пәтерлерді Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп, жылдар бойы кезекте пәтер күткен тұрғандарға бердік. Бұл бағдарлама аясында 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. 350-ден астамы берілді, бүгін өз пәтерлеріне 100-ден астам отбасы кірді.

Бұған дейін ҚИК әлеуметтік пәтер алушылар санатын едәуір кеңейтті, тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Олардың көпшілігі коронавируспен күресте алдыңғы шепте, адам өмірін сақтап, балаларымызды оқытып, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бұл тұрғын үй бағдарламасы басқалардан ерекше. Бастапқы жарна қажет емес, пәтерді сатып алуға болады, жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1455 тг құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Алдағы уақытта бірнеше үйдің кілттері табысталады!

Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Мемлекет тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасайды. Бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!" - деп жазды Алтай Көлгінов

571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз