Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 05 Желтоқсан, 2020

«Халық»қайырымдылық қоры» медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңге сыйақы тағайындады

 «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ алдыңғы қатарда болып, отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін кәсіби шеберлігімен қорғаған адамдардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Halyk қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Кұлыбаева медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі елеулі үлесі үшін мадақтау мақсатында HALYQ QURMETI-2020 сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады:

«Біздің дәрігерлер – үлкен қиындықтар мен жұмыстың ауыртпашылығына, ауруды жұқтыру қаупі мен моралдық стресске қарамастан қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін нағыз батырлар тәрізді күресті. Бұл нағызерлік, ол шексіз алғысқа лайық», – дейді қордың қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.

HALYQ QURMETI-2020 сыйлығының лауреаты атанған медицина қызметкерлері мен ұйымдары Halykқайырымдылық қорынан ақшалай сыйақы алады. Жүлденің жалпы ақшалай қоры 220 миллион теңгені құрайды.

Еліміздің барлық аймақтарынан келген медицина мамандары мен медициналық ұйымдар сыйлықтың лауреаттары бола алады. Сыйлыққа үміткер болу үшін сізге Ережемен танысып, барлық қажетті құжаттарды www.halyqqurmeti.kz ресми сайтында тіркеу қажет.

Объективті және ашық таңдау үшін лауреаттарды таңдау бірнеше кезеңнен тұрады, оның біріншісі – сыйлықтың ресми сайтындағы ашық дауыс беру. Екінші кезең – сыйлықтың арнайы сараптамалық кеңесінің ашық дауысы болады. Жүлденің Сараптамалық кеңесінің құрамына медицина саласындағы танымал қайраткерлер, медициналық әріптестер құрметтейтін және мойындайтын, медициналық қоғамдастықта күмәнсіз бедел мен сенімге иемедициналық кәсіподақтардың, ұйымдар мен университеттердің өкілдері кіреді.

Үміткерлерден өтінімдер қабылдау және ашық дауыс беру 25 желтоқсанға дейін жалғасады, содан кейін лауреаттар марапатталады.

«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ біздің еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіреді. Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап «Halyk» қайырымдылық қоры» ЖҚ COVID-19 салдарымен күресуге және оларды жоюға бағытталған  көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін өтеусіз беру, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер және қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді беру түрінде көмек көрсетіп, көптеген жұмыстарды атқарды.

 

605 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз