Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 05 Желтоқсан, 2020

Энергияны қайдан аламыз?

Күшті энергия құпиясы - қарапайым күнделікті дағдыларда. Әркім өзіне ыңғайлы спорт түрімен айналысуы қажет. Аса қиын жаттығулар мен биік меже қоюдың керегі жоқ. 30 минут таза ауада серуенде және 10 минут жүгір немесе жаттығу жаса.  Бұлардың барлығын  көңілдене жүріп жасаған жөн.

Дұрыс тамақтану.

Ағзаңа (асқазаныңа) жағатын, сіңімді ас ішуге баса назар аудар. Ішіп-жеп алып, артынан ауырлық тудыратын асқа жолама.

Биологиялық жасың туралы ұмыт. Өзіңді қаншадамын деп сезінесің, сонша жастасың және энергияң да сол деңгейде болады. Кез келген жаста құр аттай шапқылап жүру әр адамның міндеті.

Таңертеңгі және кешкі мезгілдерде әркімнің өзіндік рәсімдері болуы керек. Дағдыға айналған рәсімдер өмір сүру салтыңды қалыптастырады. Таңертең күшіңді еселеп, ішкі қуатыңды арттыратын және көңіліңді көтеретін іспен айналыс. Ал кешке Жаратқанға алғыс айтып, бір сәтке ішкі үніңді тыңда. Өз-өзіңе қысқа да нұсқа есеп бер. Бұл күшіңді еселей түседі.

 
 
 
 
Ицхак Пинтосевичтің "Действуй! 10 заповедей успеха" кітабынан.

5828 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз