Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 07 Желтоқсан, 2020

Greenup.kz қоғамдық қорының менеджері Пакизат

Экобелсенді болып, Qarlygash подкастын жазып жүргенімде, «Recycle бірге» жобасының негізін қалаушылардың бірі, қазіргі таңда Greenup.kz қоғамдық қорының қоршаған ортаны қорғау менеджері Пакизат Нұрсұлтанқызымен таныстым. Сол кезде Пакизатпен подкастың 8-эпизодын жазған едік. Өте танымды әңгіме болды. Әзірге подкаст жобам тоқтап тұрса да, экобелсенділігімді барынша дамытуға тырысып жүрмін. Қазіргі таңда экология мәселесі кез келген адамды толғандырады. Ал экобелсенді боламын деген газет оқырмандарына Пакизаттың жеке тәжірибесі, көрген фильмдері мен оқыған кітаптары әсер етері сөзсіз.

 – 2010 жылы мектепті тәмамдадым. Бесінші пәнге биологияны таңдап, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың экология мамандығына оқуға түсуге 4 балл жетпей қалды. Содан ихтиолог мамандығында грантта оқыдым. Ихтиолог мамандығында оқып жүр-сем де, су экологиясы сала-сында жұмыс істеймін деп жоспарладым. 2-курстан бастап су экологиясына қатысты зерттеумен зертханаларда жұмыс істедім. Дипломдық жұмысым да су экологиясына қатысты болды. Магистратураға да мамандығым бойынша бірден оқуға түспедім. Ағылшын тілінен 5 балл жетпей қалды. Содан ІТ саласында сайт құрастыру бойынша жұмыс істедім. Кейін Украина басшылық ететін онлайн кинотеатрдың Алматыдағы менеджері болдым. Бірақ іштей эколог боламын деген арманымды орындағым келетін. Жұмыстан шығып, эколог боламын ҚазҰУ-ға оқуға құжат тапсыруға келдім. Бірақ маған таңдау пәнім биология емес, география екенін және ұлттық университетке оқуға тапсыра алмайтынымды айтты. Ұлттық техникалық университетке барғанда, олар КБТУ-мен қосы-лып, эколог мамандығының лицензиясы жоқ екенін білдім. Болашақта эколог қана емес, сабақ беруді жоспарлап, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетіне оқуға құжаттарымды тапсырып, екі жыл магистратура оқыдым. Эколог мамандығына атамның ертегілері мен мектептегі био-логия мен географиядан сабақ беретін мұғалімім әсер етті.

– «Recycle бірге» жобасына қалай келдіңіз және Greenup.kz қоғамдық орнына қалай ауыстыңыз?

– Алғашқыда «Recycle бірге» жобасы экосенбіліктен басталған. Топ құрылмас бұрын қоршаған орта жанашыры Бану-Ақкүміс Құспанова өзінің тұрғын үй кешенінің маңындағы қалдықтарды жинағанын көрдік. Оның осы ісіне сүйсіндік. Содан басқа белсенділіктермен экосенбілікті үлкен жобаға айналдырайық деп шештік. Жобамызды «Recycle бірге» деп атадық. Мағынасы «бірге қайта өңдеу» дегенді білдіреді. Жобада бір жылдай жұмыс істеп, Greenup.kz қоғамдық қорына ауыстым. Бұл жерде қоршаған ортаны қорғау менеджері болып жұмыс істеймін. Алдағы уақытта қордың жақсы жаңалықтарын бөлісіп отырамын.

– Экобелсенді болуға не түрткі болды? Әлде маман-дыққа деген қызығушылық па?

– Экобелсенді болу – әр адамның саналы шешімі. Бұл жерде «Мен қоршаған ортаны қалай қорғаймын?» деген сұраққа жауап бере алатындар жұмыс істейді. Негізі «Recycle бірге» жобасы экобелсенді болуыма зор әсер тигізді. Бастапқыда, яғни үш жыл бұрын дискриминация болып еді. Қазір бірте-бірте қоғам «экосауатты болуға» мән беріп жатыр. Маған алғашқы кездері «Сенің басқа істейтін шаруаң жоқ па?» деген сияқты сұрақтар қойылатын еді. Қазір отбасым, туған-туыстарым қабылдағанымен, жуырда тұрмысқа шығуыма байланысты жаңа отбасым әлі мені түсінбей жатыр. Екі айдай күйеуім экобелсенді әрекеттеріме үйренісе алмай жүр еді. Қазір бәрі реттелді. Ал ата-енеме біртіндеп түсіндіріп жатырмын. Экобелсенді болуға ешкімді де қинамау керек. Адам бұған өзі келеді. Тек экоәрекеттермен ғана үлгі бола біліп, жақсы ой қалыптастырған жөн.

– Эколайфхактарыңыз туралы айтсаңыз...

– Егер кофе немесе шай ішуді жақсы көретін адам болсаңыз, онда бөтелкеңізге кофе құйдыртып алыңыз. Мысалы, кофенің бағасы 800 теңге болса, өз ыдысына құйып алғанда жеңілдік жасайды. Сонымен қатар, кофенің қағаз ыдысы Қазақстанда өңделмейді. Аптасына бес күн жұмысқа барсаң, бес кофе ыдысы болса, осы санды апта мен жылға көбейткенде, өңделмейтін қоқыстың көбеюіне жағдай жасайсың. Ал менің өз ыды-сыммен кофе сатып алып жүргеніме жарты жылдай уақыт болып қалды. Қоқыс сұрыптауды үйреніп алыңыз. Бұл да – экобелсенділіктің ең қарапайым жолы. Алдымен картон жинап, өткізіңіз. Кейін басқа да қоқыстарды сұрыптауға қызығушылық пайда болады. Экобелсенді болу үшін өзіңізге қызықты тақырыпты меңгеріп алу қажет. Мысалы, ауаның ластануы сені толғандырса, интернеттен соған байланысты ғылыми дәлелденген мақалалар-ды оқу керек. «Экология ласта-нып жатыр» деп мәселені дау-рықтырып айту бәріміздің де қолымыздан келеді. Ал әрекет жағынан белсенділік жоқ. Белгілі бір тақырыпты зерттеп, қалай алдын алса болады деп нәтижесін де ойлаған жөн. Қазір экология туралы кітаптар, фильмдер және подкастар бар. Қызығушылықтан нақты нәтиже көре алған адам – ең мықты.

– Экология туралы қандай подкастар тыңдауға ұсынасыз?

– Қазақтілді аудиторияға сіздің подкастыңызды ұсынып жүр едім. Мен тыңдайтын подкастар «Доступная экология», «Непросто экология», «Вся правда об экологии» деп атала-ды. Сонымен қатар, Бернар Вербердің «Зеркало Кассандры» кітабын оқуға кеңес беремін.

Назым САПАРОВА

«Ұлан» газеті, №48

1964 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз