Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 08 Желтоқсан, 2020

«Балам менімен үйлендірілді»

«Қазір лингвист ғалымдар халықты өздері адастыруға көшті. "Туыл деген ту дегеннің ырықсыз етісі, негізі солай болуы керек, ал ту болып қалыптасқаны узус" дегендей нәрселер айтады.

Оу, көкелер, қазақ тілінде сөздің бәрінің ырықсыз етісі бола бермейді деп айтпайсыңдар ма. Бұл қисынға салсақ, "жүрілу, барылу, келіну" де болуы керек, бірақ "жүру, бару, келу" болып узус болып қалыптасқан деу керек. Анадай қылып айтқаннан кейін "аааа, бұрынғы тілде солай болған, қазір узус қалыптасып кетіпті, қазақтың байырғы тілін қалпына келтірейік" деушілер шықпай ма? Туылу деген сөз қазақ тілінде жоқ деу керек. Ол орыс тілінің ықпалымен қалыптасқан жасанды сөз екенін айту керек.

Бұл жерде мәселе бір ғана "ту, туыл" сөзінде емес. Қазақ тіліндегі ырықсыз етісті ретке келтірмесе, яғни етістіктің бәрі ырықсыз етіске түсе бермейтінін бақырайтып көрсетпесе, балаларымыз үйлендіріледі, қыздарымыз тұрмысқа беріледі, балаларымыз қырқынан шығарылады...»,-деп жазды қазақ тілінің жанашыры Назгүл Қожабек фейсбуктегі жазбасында.

Назгүл Қожабектің фейсбук парақшасынан

 

498 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз