Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Желтоқсан, 2020

Инновациялық IT-зертхана іске қосылды  

Сулейман Демирел атындағы университеттің "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің базасында магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге бағытталған ACESYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in Informatics) зертханасы ашылды. Зертхананың салтанатты ашылуына инженерлік факультетінің командасымен бірге СДУ ректоры - Қуаныш Ерғалиев қатысты.

- Бұл біздің университеттің Erasmus + халықаралық бағдарламасының жоғары оқу орындарының Концорциумымен стратегиялық ынтымақтастық аясындағы серіктестік жоба . Бүгінгі күні біздің университетпен қатар консорциум құрамында - Қазақстанның 7 жоғары оқу орны, Еуропаның 3 оқу орны және 2 қазақстандық қауымдастық бар. Жоба Erasmus + бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды. Зертхананы ашудың негізгі мақсаты - сыртқы серіктестерді PhD студенттерімен және біздің университеттің басшыларымен байланыстыру, сонымен қатар магистранттар мен докторанттар арасында зерттеушілердің жас әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Бұл қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу, кең тәжірибе және сараптамалық пікір алмасу үшін бірегей платформаға айналары сөзсіз, - деп мәлімдеді СДУ "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің деканы Андрей Богданчиков.

Сонымен қатар жобаның ресми сайты мен https://sdu.edu.kz/advanced-centre-for-phd-students-and-young-researchers-in-informatics/ орталықтандырылған портал іске қосылды. Зертхана компьютерлермен, заманауи телекоммуникациялық жүйемен және әлемнің кез-келген нүктесіндегі аудиториямен онлайн форматта өзара қарым-қатынас  жасауға мүмкіндік беретін қажетті базамен толық жабдықталған. Шара барысында қатысушыларға зертхананың барлық техникалық мүмкіндіктері көрсетіліп, алғашқы онлайн қосылулар сыналды. СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев жаңа зертхананың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, инженерлік факультеттің командасына табыс және стратегиялық мақсаттардың орындалуын тіледі.

- Бұл біздің университетіміздің жас зерттеушілері үшін белгісіздік және тез өзгеру жағдайында әлемдік сарапшылармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін өте маңызды алаң. Жобаның серіктестеріне және Еуропада ғана емес, одан тыс жерлерде де адами және әлеуметтік капиталды дамытуға жәрдемдесудің тиімді құралы болып табылатын Erasmus+ халықаралық бағдарламасына шексіз алғысымды білдіремін, - деп түйіндеді Қуаныш Ерғалиев.

1656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз