Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 25 Желтоқсан, 2020

Қабылдау мен мойынсұнудың аражігін ажырата аласыз ба?

Көпшілік қабылдау мен мойынсұнуды шатастырады екен. Қабылдаймын деп мойынсұнып жүргендерін байқамайды.

Қабылдау — бұл әрекеттің жүзеге асуындағы бір процесс. Қоршаған ортаға, өміріңіздегі ситуацияларға, құбылыстарға анық түсіністікпен қарау және саналы талдау жасау.

Шын қабылдау болса артынан әрекет, одан кейін нәтиже болады. Ал, көбіміздің қабылдауымыздың артында әрекет, яғни түзеу, еңбектену, өзіңмен жұмыс жасап, нәтиже шығару жоқ.

Ал мойынсұну астарында көну, шарасыздық, дәрменсіздік жатады. Ешқандай алға жаңа әрекет жасалмайды.

"Қабылдау керек, қабылдасаң жаның тыныш табады" - деген сырттан телінген шолақ түсінікке арқа сүйейді. Қабылдаудың негізгі аясын түсінбей, әлсіз үміт артады. Қабылдау деген осы екен деп, ішкі дүниесінің дауысын күшпен басуға тырысады. Қарсылығын елемейді. Бұлай өзіңдегі бар нәрсені жоқ деп еріксіз көндіру, ерте ме кеш пе ішкі тұлғалық конфликтіге алып келеді.

Егер басқалар сіздің шекараңыздан аттап, қарсы әрекет, күш қолданып жатса да қабылдауым керек деп мойынсұну- өзіңізге жасалған қастандық. Бұған жол беруге болмайды. Бұл ешқандай да қабылдау емес. Өзіңе зорлық жасауға жол беру. Дәрменсіздік. Көндігу.

Қабылдау әлбетте жан-дүниеңнің тыныштығы, ішкі үйлесімділік. Тұрақтылық және ресурсты күй. Бірақ бұл үнемі көну мен мойынсұну емес. Өз көзқарастары, ерік-жігері бар, өз құқығын қорғай білетін кез келген тұлға өмірін, ситуацияларды өзгерте алады. Мойынсұнғысы келмейтін дүниеден бас тартып, өз мақсат жоспарына сай әрекет етеді. Кейде өз құндылықтары мен бағалаулары төмен жандар, қабылдаудың қажеті жоқ дүниелерді қабылдап жүргендерін байқамайды.

Қабылдау дұрыс болғанда адам ресурстық күйден белсенді позицияға да өтеді.Сондықтан қабылдауыңыз расымен ішкі үйлесімділік беретін қабылдау ма, әлде шарасыздық пен еріксіздікке тәуелді еткен мойынсұну ма? Ажырата біліңіз.

 

Қабылдау арқылы өміріңізде қандай өзгеріс болды?

психолог
anar_yessen инстаграм парақшасынан

1263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз