Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 27 Желтоқсан, 2020

Бақытты өмір сүруге не кедергі?

Бақытты өмір сүруге не кедергі? Норвегиялықтармен аз-кем араласып, білгенімнен түйгенім:

Ұнатпайтын жұмыс

Орташа есеппен, адам өмірінің үштен бірі жұмысқа арналады. Егер сіздің уақытыңыздың көп бөлігі кәсібіңізге арналса, өз ісіңізді жақсы көргеніңіз абзал. Еңбек тек ақша көзі емес, сонымен бірге өміріңіздің мәні болып табылады.

Қорқыныш

Қорқыныш белгілі бір дәрежеде тірлік жасауға итермелеуші күш. Бірақ үнемі үрей құшағында жүретін адамдар барын бағалау мен бүгіннің қадірін білмей, тіпті сол қорқыныш сезімі қалыпты тіршілік етуге де кедергі келтіреді. Әлеуметтік байланыстардан қорқу, жаңашылдықты қабылдамау, бастамалардан қорқу ... Бұл санадағы психологиялық блоктар, одан құтылса, толыққанды өмір сүруге болады.

Өз-өзіне күтімнің болмауы Көптеген адамдар өздерін күтуге уақыты мен ақшасы жетіспейтінін айтады. Бұл шын мәнінде тек әр адамның неге басымдықтар беретіндігіне және уақытын қаншалықты тиімді пайдалана алатындығына байланысты деп ойлаймын. Біріншіден, өзің үшін жасай алатын кейбір нәрселер ақысыз; екіншіден, күніне бір рет смартфон, теледидарды қоспаса, қосымша кем дегенде 20-30 минут табуға мүмкіндік бар.

Қолдау, не қайтарым іздеу

Өзгелердің қолдауын, не өзіңіздің біреуге жасаған көмегіңіздің қайтарымын күту де адамның барын бағалауға кері әсер етеді. Бұл сезім санадағы ойлар мен эмоциялардың нәтижесі. Қиялыңыздағы ойлар ақталмаған кезде, көңілсіз күйге бой ұрасыз. Ешкімнен ештеңе күтпесеңіз, сонда өміріңізде көңілсіздік те азаяды.

Өзіңізді басқалармен салыстыру

 Табыс, келбет, жалақы, тұрмыс деңгейі бойынша өзіңізді басқа адамдармен салыстыруды тоқтату керек. Әр адамның санасы, болмысы, жолы басқа. Сайып келгенде, біз бәріміз тек адамдармыз және біз тек өз өмірімізді сүре аламыз. Бәсекелестік белгілі бір, табысқа, жеңіске әкелуі мүмкін. Бірақ жан дүниеңізде үйлесім, тұрақты бақытты сезімге бөлемесі анық. Бір сөзбен айтқанда, осындай қарапайым қағидаларды ұстану өмірімізге оң өзгерістер әкеледі.

Бибигуль Жексенбайдың фейсбук парақшасынан

 

647 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Уоррен Баффет: Несие карталарынан аулақ болыңыз
Келесі мақала Жаңа жылда жетістікке жеткіңіз келсе...

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *