Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 01 Қаңтар, 2021

Жаңа жылда жетістікке жеткіңіз келсе...

Жаңа 2021 жылдың алғашқы күнінен бастап біз сайт оқырмандарына жетістікке жету жолдары туралы сарапшылар, табысты кəсіпкерлер, тəжірибелі мамандар тұжырымдары мен іс-əрекеттері туралы мотивациялық материалдар ұсына бастаймыз. "Мотивация" айдарында бұрын да кəсіп бастау жолдары, жетістікке жетудегі танымал кəсіп иелерінің тəжірибелері туралы бірқатар құнды кеңестермен бөлістік. Табысқа жету, тиімді бизнес көздері,  бақуатты өмір сүру, қаржылық, психологиялық  сауаттылық туралы  оқырманға түсінікті, қарапайым тілмен жеткіземіз. Бүгін табыс таба алмайтын кімдер деген сұраққа жауап іздеуден бастайық. 

Табыс таба алмайтындар - алған білімін, тәжірибесін пайдалана алмайтындар мен жалқаулар.

Жалқаулық деген мойынға бір мінсе, түсуі қиын.

Енжарлықтан арылыңыз. Мотивацияны сырттан, біреуден күтпей, өзіңізді тәртіпке салып алыңыз.

Істің көзін табуға ұмтылыңыз. Алла әрекет еткен адамды ұнатады. Жолын ашады. Әрекеттің жөні осы екен деп пайдасыз іске қойып кетуден аулақ болу керек. Халықтың сұранысын зерттеу керек. Адамдарға не керек? Соны тапсаңыз, ісіңіз өрге басты дей беріңіз. Жапондық "Хонда" брендінің қожасы Хонда мырза байқампаз болсаңыз яғни, қалай табыс табуға болады, жұрт нені байқамай жүр соны тамыршыдай тап баса білсеңіз , табысқа жетпей қоймайсыз дейді. 

«Егер сенде ақша аз болса, кәсіп жаса. Егер мүлдем ақша жоқ болса – дереу жаса! Дәл қазір!» Джон Рокфеллердің бұл сөзін бәріміз жаттап алдық.

Бірақ құр жаттау аз. «Кәсіп бастайын десем анау жоқ, мынау жоқ» деп сылтау айтып жүрсіз бе?Осы сылтау сізді алға бастырмайтын.

Бүгіннен бастап, Жаңа жылдың алғашқы күнінен осы "мынадай болмаса, бастап кетер ем" деген сөзді ұмытыңыз. Ұмытыңыз да, қолыңыздан келетін шаруаға кірісіп кетіңіз.

Нақты жоспар құрыңыз. Жетістікке жетудің алғашқы баспалдағы - күнделікті жоспар жасау жəне орындау.

Қолыңыздағы қаржыны жұмсап тастауға емес, көбейтуге тырысыңыз. Ол үшін ақшаңызды есептеп үйреніңіз. Кіріс-шығысты түгел жазып, күнделікті өзіңізге есеп беріңіз. Алғашында бұл қиын көрінгенімен ақшаңыз тиімді жұмсала бастағанда өзіңіз мұны əдет қыласыз. Босқа шығын жасамайтын боласыз.

Сондай-ақ,  кəсіп бастауға көп қаржы керек деген мидағы шектеуді алып тастап, аз қаржымен кəсіп жасау жолдарын іздестіріңіз. Тіпті, қолыңыздан келетін хоббиіңізді кəсіп көзіне айналдырасаңыз, кəсібіңіз тез дамиды. Себебі, адам жақсы көретін жұмысынан жалықпайды керісінше қызыға дамытып, түрлендіріп, табысы еселене түседі. Бүгінге осы қарапайым кеңестерді ұсынамыз. Əрі қарай да бізбен бірге болыңыздар. 

 

 



 

1293 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз