Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 02 Қаңтар, 2021

Алматы: Жаңа жыл көріністері

Алматы Жаңа жылда ертегі әлеміндей құлпырып кетеді. Карантиндік талаптарға байланысты бірқатар шектеулер болғанымен де, қала 2021 жылға белгілі дәрежеде безендірілді. Әсіресе, жыл сайын Қиял-ғажайып әлемі паркінің ғимараты таңғажайып көрінісімен баурап алады. Биыл ҚазҰУ қалашығы да ерекше безендіріліпті. Ал Жаңа жыл түні қаланы тұман басып қалғандықтан, біз отшашудан болатын түрлі түсті бұлт көрінісін биіктен түсіру үшін Сұлутөбе жотасына көтерілдік. Ол жерден тұманды Алматының алуан түсті бұлты мен Көктөбе мұнарасының ерекше көрінісін түсіріп алдық. Ендеше, суреттер сөйлесін.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

3524 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз