Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Қаңтар, 2021

Ниет күші

Жан-жануарлар да ниет күшіне ие дейді ғалымдар. Францияның Нант қаласындағы «ODIER» Қорында жұмыс істейтін ғалым Рене Пеош өте қызықты зерттеу жасайды. 

Жұмыртқаны жарып шыққан балапан алғашқы минуттарда қасында болған кез келген нәрсені "анасы" деп санайды екен. Тіпті, ол ит, қой немесе робот болуы да мүмкін.

Ғалым электронды басқарылатын механикалық ойыншықты пайдаланып, тәжірибе жасап көреді. Ол балапанға роботты анасы ретінде сезінуге мүмкіндік беріп, сәлден кейін оны шыны аквариумға қамап қояды. 

Робот бағдарламамен берілген траекторияны өзгертіп, балапан тұрған әйнекке жақындай бастайды. Бір таңқаларлығы робот аквариумның жанынан алшақ кетпейді. Ғалым бұл тәжірибені қайта-қайта жасап көреді. Робот ойыншық берілген бағдарламаға қарамастан, балапан тұрған аквариумға жақындаудан танбайды. Нәтижесінде ғалым кішкентай құстың ниеті ("ананың" жанында болу) электронды құрылғының бағдарламалық траекториясын өзгертуге мәжбүр етті деген қорытындыға келеді. 

Мұны сенсация деп санауға болады.

Бұл тәжірибе кванттық деңгейде ниет күшінің, шын қалаудың соншалықты мықты екенін дәлелдесе керек.

Ниеттің күші электронды параметрлерді өзгерте алатын болса, онда біздегі мақсат, мотивация және жетістікке жетуге деген талпыныс күшінің қаншалықты екенін бағамдай беріңіз! 

Мақсатымыз айқын болса, өзгергіміз келсе, жетістікке жеткіміз келсе,  армандарымыз орындалады.

Тек соны шын жүрегімізбен, бар ынтамызбен қалауымыз керек. 

 
 
«Осознание - Гармония Духа» YouTube арнасынан
 
 

1013 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз