Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 08 Қаңтар, 2021

Пайдасы мол алты жеміс

Қыста адам ағзасы әлсірейді.  Ал иммунитетті күшейту үшін  міндетті түрде жеміс-жидек жеу керек дейді мамандар. 

Денсаулығың мықты, ағзаң сау болуы үшін базарлар мен супермаркеттерге бас сұққанда  жемістер қатарына көз салуды ұмытпаңыз. Қаптаған жемістер ішінен мына алтауын таңдасаңыз, еш өкінбейсіз. 

           Цитрусты жемістер

Апельсин, мандарин және  лимонның С дәруменіне бай екенін білесіздер. Таңертең 1 стакан апельсин шырынын ішу - сергектік пен күш-қуат сыйлап қана қоймайды, ас қорыту жүйесін жақсартады. Бірақ ашқарынға ішуге болмайды.  Ал мандаринде D, K дәрумендері бар. Ол адам ағзасындағы майды ыдыратуға және бойдағы зиянды сұйықтықтарды шығаруға көмектеседі. Сондықтан суық тиіп ауырғанда , бронхыға салқын тигенде мандарин жеу өте пайдалы. 

           Құрма

Бұл йод, калий, темір, С дәрумені мен магнийге бай шырынды жеміс суық кезде дәмі кіріп, пектинді жұмсағы ас қорыту мен зат алмасуды реттейді. Құрманы мұздатқышқа қатырып қойса да, еріген кезде пайдалы қасиетін жоғалтпайды әрі дәмі тіл үйіретіндей тәтті бола түседі.

            Анар

Қан құрамындағы гемоглобинді көтеріп, иммунитетті күшейтетін бұл жемістің қан қысымын реттеуге көмегі көп. Жөтелді тоқтатуға және майды ыдыратуға да әсері бар. Анар шырынын әзірлеген бойда ішкен жөн.

            Алма

Бойындағы дәрумендері , пайдалы қасиеттері қыс бойы сақталатын жеміс - алма. Ас қорытуға, иммунитетті күшейтуге және терінің серпімділік қасиетін сақтауға көмектесетін ғажап жеміс осы алма. Күніне ең кемі бір алма жеуді әдетке айналдырған адамның денсаулығында ақау болмайды дейді дұрыс тамақтану жолдарын зерттеп жүрген сарапшы мамандар. 

 

              Ананас

Қабынуды басатын, жарақаттардың тез жазылуына көмектесетін жемістің бірі - ананас. Ангина, пневмония, артрит, пиелонефрит, синусит ауруларының алдын алу мен емдеуде таптырмайтын дәруменді жеміс.  Калориясы төмен, ешбір ауруға қарсы көрсетілімі жоқ.

                Киви 

Ал киви тұнған С дәрумені десек болады. Калий, магний, темірге бай. Күніне 1 киви ағзаға қажетті С витаминімен толық қамтамасыз етеді. Көп жеуге болмайды. Ас қорытуды реттеп, ішектердің жұмысын жақсартады. Холестеринді реттейді. Кивиді тоңазытқышта сақтауға болмайды. Өте пісіп кеткендері яғни, ашыған иісі бар кивиді жеуге болмайды. Ағзадағы майды ыдырататын қасиетке ие кивиді диета ұстаушылардың дастарханынан үзбегені дұрыс дейді мамандар. 

 

Суық тигенде дәріханаға жүгіріп, таблеткалар мен кешенді дәрумендер көмегіне жүгінуден бұрын, жеміс-жидектерді молынан пайдаланып, алдын алған дұрыс деп санайды салауатты өмір салтын ұстанушылар мен диетолог мамандар. Құрамында синтетикалық қоспалары бар дәрумендердің  қаншалықты пайдасы бар екені  әзірге белгісіз. Ең дұрысы табиғи  өнімдер .

 

 

 

 

3222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз