Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 10 Қаңтар, 2021

Белгілі қазақ композиторы үйінде дауыс берді

Қазақстан Халық әртісі, мемлекеттік сыйлық иегері, Отан орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико Хасанғалиева бүгінгі сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар пандемияға байланысты үйлерінде дауыс берді. Сайлау учаскесінің қызметкерлері әншінің үйіне келіп, бюллетеньдерін жәшікке салып алып кетті.

-Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына үнемі қатысып келдім. Биыл біз үйде дауыс береміз. Пандемияға байланысты бүгін сайлау учаскесінің қызметкерлері үйге келеміз деді. Мен келісім бердім. Әркімнің көзқарасы әртүрлі. Бұл саяси пікірге де байланысты. Әр адам сайлауда өзінің ойын, пікірін жеткізеді. Болашаққа деген сенімін жеткізеді, - деді әнші композитор Ескендір Хасанғалиев.

Оның айтуынша, ұлы, республикаға еңбегі сіңген қайраткер, П.Чайковксий атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев қазір сайлау учаскелерінің біріне жетекші етіп бекітілген.

-Ол да балам үшін үлкен жауапкершілік екені рас. Таң атпай тұрып, сол ауқымды міндетті атқаруға кетті, - деді Е.Хасанғалиев.

573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз