Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев: Сайлаудан кейін алдымызда ауқымды жұмыстар тұр

Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның маңыздылығы туралы айтты.

Тұңғыш Президент бүкілхалықтық сайлау өткізіліп, тұтас халық болып елдің болашағына дауыс бергенін атап өтті.

«Бұл алдағы бесжылдық бағдарламамызды бекіткен үлкен сайлау болды. Бұл сайлауда Nur Otan партиясы тағы да үлкен жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Бүгін Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік. Ассамблеямыз 25 жылдан бері еліміздегі этностар мен діндерді бір-біріне жақындастыратын, төзімділікті тәрбиелейтін, бірлікті насихаттайтын, елімізді алға жетелейтін бірегей орган болып келе жатыр», - деді Елбасы.

Осы орайда Н. Назарбаев басқа елдер Қазақстан тәжірибесін үйреніп жатқанын атап өтті. Сондықтан Ассамблеядан сайланған депутаттар елдің бірлігін сақтап, қазақ халқының төңірегінде барлық адамдарды біріктіруге өз үлестерін қосады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға дауыс берді.

528 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз