Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Қаңтар, 2021

Нұрлан Өтешов: Сайлау заң шеңберінде өтті

Сайлау күні бұзушылықтардың көбі әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардың таралуына қатысты болды. Бұл туралы Сайлауды Бейпартиялық байқау орталығында өткен брифингте ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов айтты.

«Кеше өткен сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан да 7 мыңнан астам байқаушы қатысты. Осы бейпартиялық байқау орталығындағы байқаушылардың жұмысына үлес қосып, сараптамалық жұмысты бастап кеттік. Біз де өзіміздің есебімізді дайындаймыз. Біз ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан шыққан байқаушыларға, сайлау процесіне үлес қосқан азаматтарға шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді. Біздің ойымызша, сайлау заң шеңберінде өтті. Кеше сайлау кезінде азаматтарымыз құқықтық мәдениті жоғары екенін көрсетті. Сайлау комиссиясы да, байқаушылар да, сайлаушылар да өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарады», - дейді Нұрлан Өтешов. Ол кеше өткен сайлауға қатысты әлеуметтік желілерде қандай жалған ақпараттар таратылғаны туралы айтты.

«Бұзушылықтардың көбі әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардың таралуына қатысты болды. Кеше әлеуметтік желілерде жүздеген жалған ақпарат тарады. Олардың қайдан, қалай, не үшін шыққаны туралы талдау жасап жатырмыз. Жалған ақпараттар азаматтардың өздерінің құқықтарын білмегеннен жасалып жатқан болуы мүмін. Мысалы, бұрын болған немесе біздің елде болмаған әртүрлі оқиғаларды кеше ғана және біздің елде болып жатқандай етіп шығарған. Сонымен қатар, буллинг те орын алды. Яғни, сайлау учаскесіндегі кейбір байқаушыға кедергі жасап, орынсыз сұрақ қойып, бейнежазбаға түсіріп, олардың рұқсатынсыз әлеуметтік желіге салған жағдайлар кездесті. Бұл солай әрекет жасаған азаматтардың құқықтық мәдениеті төмен екенін дәлелдейді. Біздің тарапымыздан бұзушылықтар аса қатты байқалған жоқ. Бұзушылықтардың 99%-ы сайлау процесіне кері әсерін тигізбейтін, тез арада шешімін табуға болатын қателіктер болды. Мысалы, бір отбасы дауыс беретін кабинкаға бірге кіріп кеткен. Бұл да бұзушылыққа жатады, бірақ ол дауыс беру нәтижесіне айтарлықтай әсер етпейді», - дейді ол.

 

 

189 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ҚХА-дан ұсынылған Парламент Мəжілісіне кандидаттарды сайлау аяқталды
Келесі мақала Сайлауда үш саяси партия қанша депутаттық мандатқа ие болды?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *