Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қаңтар, 2021

Шетелде жүрген 6402 қазақстандық сайлауда өз таңдауын жасаған

Шетелдегі сайлау учаскелерінде де дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жалпы шетелде жүрген 6402 отандасымыз өз таңдауын жасаған. Соңғы болып АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы елшілікте ашылған 249 сайлау учаскесі, содан кейін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша таңғы сағат жетіде Канададағы Қазақстан елшілігіндегі №279 сайлау учаскесі жабылған.

Оттавадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс бергендердің дені студенттер мен дипломаттарымыздың отбасы мүшелері екен. Елшіліктің мәліметі бойынша өзінің саяси құқығы мен азаматтық белсенділігін танытқан отандастарымыздың қарасы көп болған. Қазіргі таңда сайлау учаскесіне келіп түскен бюллетеньдер жиналып, дауыстарды санау процесі басталып кетті.

Мұрат Рүстемов, №279 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:

Көптеген дайындық жұмысы жүргізілді. Канада карантинге қатысты қатаң шараларды енгізді, сондықтан сайлау учаскесін ашу үшін қабылдаушы елдің билік органдарымен келісілді. Елшілік Канададағы денсаулық сақтау жөніндегі барлық нұсқаулықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етті. Біздің есептеулеріміз бойынша азаматтардың сайлауға қатысу деңгейі 104 процент болды.

583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз