Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қаңтар, 2021

Ұлыбританияда екі миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Англияда Covid-19 вирусына қарсы жаппай вакциналаудың жеті хабы ашылды. Көрме орталықтары мен футбол стадиондары, корольдік отбасының танымал ипподромының жанында адамдарға екпе егу орындары ұйымдастырылуда.

Жаппай вакциналауға артылып отырған сенім жоғары, себебі елде коронавирустың «британдық штаммын» жұқтырғандар саны өсіп келеді. Жалпы Британияның екі миллион тұрғын ауруға қарсы екпе алды.

Ел билігі күзге қарай Британияның барлық ересек тұрғындарына екпе жасауды жоспарлап отыр. Еске салсақ, Ұлыбританияда B.1.1.7 атаулы коронавирустың жаңа штамы анықталды.

Кейін ол әлемнің 41 еліне және Ресейге тарап үлгерді. Коронавирустың жаңа штамы туралы толық мәліметтерді мына жерден көруге болады. Әзірге Қазақстанда мұндай штамы бар ауыру белгілері тіркелген жоқ.

 

526 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз