Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2021

ОСК сайлаудың ақырғы қорытындысын жариялады

Нұр-Сұлтанда сайлау қорытындыларына қатысты Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. ОСК парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың ресми қорытындыларын жариялады.

Нәтижилер төмендегідей:

ҚХП — 9,10%

NurOtan — 71,09%

Ақ Жол — 10,95%

Ауыл — 5,29%

ADAL — 3,57%

Сайлау нәтижесі бойынша үш саяси партия — «Nur Otan», ҚХП және «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентке кіріп, 7% барьерден өтті.

АСК хаттамаларына сәйкес, сайлауға қатысуға 11 миллион 919 мың 241 қазақстандық құқықлы болған. Алайда саяси партияларға тек 7 миллион 241 мың 562 адам қатысқан. Бүлінген бюллетеньдердің саны жарияланған жоқ.

Әр партияға дауыс берушілер саны:

ҚХП — 659 мың 019 дауыс немесе 9,10%

Nur Otan- 5 миллион 148 мың 74 дауыс немесе 7,09%

Ауыл- 383 мың 23 дауыс немесе 5,29%

«Ақ жол» — 792 мың 828 дауыс немесе 10, 95%

АDAL — 258 мың 618 дауыс немесе 3,57%

Депутаттар мандаттарын бөлу: «Nur Otan» партиясы — 76 мандат, «Ақ жол» — 12 мандат, ҚХП — 10 мандат.

Еске сала кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялаған. Ол бойынша да үш саяси партия «Nur Otan», ҚХП және «Ақ жол» мәжіліске өткен.

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз