Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қаңтар, 2021

Сайлауда үш саяси партия қанша депутаттық мандатқа ие болды?

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия ие болған депутаттық мандаттарды жариялады. Бұл партиялар жеті пайыздық межені еңсерді.

Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат алды.

Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинады.

Еске салсақ, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын. Сонымен қатар, саяси партияларға сайлаушылар тарапынан қанша дауыс берілгені анықталды.



665 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз