- Құмсағат
- 12 Қаңтар, 2021
Қазақстандық боксшылар халықаралық жарысты сәтті бастады

Бокстан әйелдер құрамасы Сербияда Х халықаралық «Ұлттар кубогі» додасына қатысып жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.
Қазақстандық боксшылар Дина Жоламан мен Арайлым Марат жарысты жеңіспен бастады. 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Арайлым Марат жергілікті боксшыны жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал 54 келіде Дина Жоламан Словакиялық қарсыласын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетерлігі, бүгін Владислава Кухта (57 кг), Жансая Балтабекова (64 кг) және Марина Вольнова (75 кг) шаршы алаңға шығады. Боксшылар ширек финалда жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.

212 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
Алғашқы трансферлік кезеңнің уақыты бекітілді
Келесі мақала
«Оқжетпес» клубының директоры қайтыс болды
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *