Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қаңтар, 2021

Forbes рейтингі бойынша əлемдегі ең бай адам кім?

SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск енді Forbes рейтингі бойынша әлемдегі ең бай адам емес. Дегенмен ол Bloomberg Billionaires Index рейтингі бойұрнша планетамыздағы ең бай адамдар тізімінде көш басында келеді. Forbes Real-Time мәліметтеріне сәйкес Масктың дәулеті бір күнде 13,5 миллиардқа азайып, 176,2 млрд долларды құрады. Ол ең бай адамдар тізімінде екінші орынға түсіп қалды. Ал Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 182,1 млрд доллар байлығымен бірінші орында тұр. Айта кетсек, Tesla акциялары бірден 7,8 процентке арзандап, 811,19 долларды құрады. Бұған дейін Илон Масктың әлемдегі ең бай адам болғаны жөнінде мəлімет тараған болатын. 



642 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз