Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Қаңтар, 2021

Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды

Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды, депхабарлайды ҚазАқпарат.


Тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады. «

Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырған, сондай-ақ жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалардың туыстары үйден шықпай-ақ, тауарларды таңдай алады. Содан соң таңдаған тауарларының тізімін мекемеге жібереді. Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты орындап, тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді», -дейді Қаламқас Әшірхан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау сотталғандар көше сыпырып жүргенін хабарлап едік.



626 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз