Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2021

Зейнетақы екі есеге өсе ме?

Қазнетте зейнетақы екі есе өсетіні туралы жаңалық тарады. 2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50 пайызға емес, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға асып түсті.

 

Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңге. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға артады. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңге болады", - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында. 

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз