- Безбен
- 12 Қаңтар, 2021
Елбасы Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында биыл Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысатын сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қарастырылды.
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті төраға болып саналатын Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесулеріне ерекше назар аударылды.
Елбасына Қазақстанның одақтастары мен стратегиялық серіктес мемлекеттеріндегі жағдай және біздің еліміздің ЕЭО-дағы төрағалығы аясындағы жұмыстың басым бағыттары талқыланды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

247 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *