Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қаңтар, 2021

Елордада бірқатар жолдар ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын  бірнеше автожол қозғалыс үшін ашылды. 

Smart Astana Telegram-каналының ақпаратына сәйкес, 13 қаңтар сағат 06.00-ден бастап республикалық маңыздағы:

- «Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы» (Екатеринбург – Алматы жолының 1291-1426 шақырым аралығы);

- «Нұр-Сұлтан – Павлодар облысының шекарасы» (Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті жолының 16 – 200 шақырым аралығы) трассалары қайта ашылды.

Сондай-ақ сағат 06.15-тен бастап республикалық маңыздағы:

- «Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы» (Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай батыр ауылы – Киевка ауылы – Теміртау қаласы автожолының 36-51 шақырым аралығы) автожолында барлық көлік түрі үшін қозғалысқа қайта рұқсат берілді.

Бұған дейін елордадан Қорғалжын ауданы және Щучинск қаласына баратын екі автожол қозғалыс үшін ашылған болатын.



297 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз