Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 13 Қаңтар, 2021

Əкенің ұлына үйретуі тиіс 8 сабағы

1.Жеңуге және ұтыла білуге үйрет

Оның достарынан басқа, әртүрлі ойындарда кішкентай балалармен бәсекеге түсе алатын жалғыз адам - əкесі. Осыны пайдаланып, әкелер ұлдарына ер адамның бойындағы дұрыс қасиеттерді үйретуі керек. Балаларға жеңілу кез-келген ойынның немесе жарыстың бір бөлігі екенін түсіндіру, осы әр түрлі ойындар мен жарыстарға қанша күш пен қуат жұмсай білгендерін үйрету керек. Бұл балаға жеңіліп қалса да, қайтадан күресе білуді  үйренуіне көмектеседі.

2.Әйелдер туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру

Аналар ұлдарын әйелдерді құрметтеуге және сүюге үйрете алатын болса да, әкелер оларды өз мысалдары арқылы тіптен жақсы үйрете алады. Балаларға достары мен интернеттен гөрі, әйел туралы ақпаратты әкесінен алған дұрыс. Бұл балаларды жасынан   тәрбие алуына  өте маңызды. Анасына гүл алуға барғанда ұлыңды ертіп жүр. Дүкенге ертіп барғанда, кассир әйелмен жұмсақ  қатынасыңыз. Мұның бәрінен сіздің ұлыңыз әйелдерге қалай құрмет көрсету керектігін біледі.

3.Махаббат туралы әңгімелесу

Уақыты келгенде әкелер ұлымен махаббат туралы сөйлесіп, оның дұрыс көзқараста болуына көмектесу керек. Жасөспірім бала әкесімен махаббат, алғашқы кездесу және алғашқы махаббат туралы сөйлесіп білім алуы  оған  өмір бойы сақтайтын құнды өмірлік сабақ болады. Осы тақырып бойынша балаларыңызбен сөйлесу,  бір-біріңізді жақсы түсінуге және әке мен бала арасындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі.

4.Өзіңіз үшін күресуге жаттықтыру

 Баланың әкесі - оны өзі үшін күресуге үйрететін жалғыз адам. Балаларын өз ойларына адал болуға және өзі дұрыс деп санайтын нәрселер үшін күресуге үйрету арқылы ол қашан өзі үшін күресіп, қашан үнсіз қалуға болатынын біледі. Жақсы мінез әлсіздік емес екенін де түсіну керек.

5.Әлемді өз көзімен қарай білуге үйрету

Ата-аналарға балаларын әлемді өз көздерімен көруі үшін көп нәрсе жасаудың қажеті жоқ. Оған керек болған кезде жанында болыңыз. Бұл әлемде баланың тәуелсіз болуы, ата-ананың талабы мен үміттері бойынша өмір сүріп қана қоймай, өзінің де жеке қажеттіліктері мен күтетін үміттері болуы маңызды. Ата-аналар да балаларының пікіріне ашық болып, әркім әр түрлі ойлайтынын қабылдауы керек.

6.Жаңа нәрселер жасатып, жаңа сезімдерін ояту

Сіз ұлыңызды кішкентай кезінен бастап жаңа нәрселерге ашық болуға үйретуіңіз керек. Аналар ұлдарын сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен тәрбиелесе, әкелер балаларын неғұрлым белсенді әрекеттер арқылы тәрбиелейді. Қозғалмалы заттарды жастайынан жасау баланың көру, есту, сезу және кеңістіктікті қабылдау бағдарын жақсартады.

7.Ерлердің дағдыларын үйрету

Кейбір еркектердің жасай алатын әрекеттері, мысалы, от жағу, шеге қағу немесе көлік жөндеу әйелдерге сиқыр болып көрінуі мүмкін. Сондықтан әкелерге жас кезінен бастап ер адамның әйелдерге қарағанда жақсы не істей алатындығын үйрету олардың ұлдарына ер адамның бойындағы дұрыс қасиеттерді сіңіру үшін қажет. Қалада тұрса да, ұлыңа бір кездері от жағу қажет болады. Сондықтан ұлыңызға бұл дағдыларды қажет емес болса да ерте жастан үйретіңіз.

8.Үй шаруашылығына үйрету

Әкесі - ұлына галстук  байлауды, қырынуды және үтіктеуді үйрететін жалғыз адам. Ақпараттық технологиялар заманында бұл нәрселерді ғаламтор арқылы білуге болады, бірақ балалар үшін әкесінен сабақ алған тиімді. Баласына ер адамның үй дайындап, жинай алатындығын көрсете алатын жалғыз адам - оның әкесі.

 
Дереккөз: https://brightside.me
Аударған Амантай Тойшыбайұлы 
 

2071 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз