Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қаңтар, 2021

Бір қалада екі мектепке Əлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлы есімдері берілді

Қазақ елінің атақты ұлдарының есімдерімен металлургтер қаласының екі оқу орны аталды. Теміртаудағы №15 қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның есімі берілді.

Ол - «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1917 жылы Әлихан Бөкейхан Қазақ автономиясы үкіметінің басшысы болды. Оқу орнының директоры Бағдат Нашкенов бұл бүкіл ұжым, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үлкен мақтаныш деп санайды.

- Жаңа жыл қарсаңында мектепке мемлекетіміздің дамуының бастауында тұрған Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Біз бұған өте қуаныштымыз, - деді Бағдат Нашкенов.

Теміртаудағы №23 мектепке белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл атаулар біздің еліміздің тәуелсіздігі үшін көп жұмыс жасаған ұлы ата-бабаларға құрмет болып табылады.



532 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз