Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 13 Қаңтар, 2021

Талдықорғанда демалыс күндері локдаун енгізіледі

Талдықорғанда қаңтардың 16-сы мен 17-іне локдаун жарияланды.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 22:00-ге дейін және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында ғана жүретін болады.

Ойын-сауық орталықтары, моншалар, спорт және мәдениет нысандары, базарлар жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары тапсырыс негізінде жеткізіп берумен шұғылданады. Облыс орталығында азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар қалыпты жағдайда қызмет көрсетпек.

Еңбеккерлердің 80%-і жұмысын қашықтан атқарады. Мектептерді штаттық режимге көшіру осы айдың аяғына дейін шегеріліп отыр. Санитарлық талапты күшейтуге сырқаттанғандар санының артуы себеп болған. Мәселен, өткен он үш күн ішінде 166 адамнан індет белгілері анықталды.

Сәкен Мелдебаев, қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары: -Талдықорған қаласы бойынша Ақын Сара көшесі мен Шевченко көшесіне дейін және Құрманов көшесінен Қабанбай көшесінің орталығына шектеу шаралары қолданылады.

Ол жерде полиция демалыс күндері күзетіп, жабайы сауда жасайтындарға және халықтың жүріс-тұрысына көпшілік жиналмасын деген талаппен шектеу қойылды. Мамандандырылған машина дейді ғой, оларға шектеу қойылмайды.

172 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала БЖЗҚ салымшылары банктен онлайн режимде арнайы шот аша алады
Келесі мақала Бағдат Мусин: "Ашық үкіметті" дамыту тұжырымдамасын талқылауға шақырамын

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *