Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қаңтар, 2021

Бағдат Мусин: "Ашық үкіметті" дамыту тұжырымдамасын талқылауға шақырамын

“Мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ашықтығын анықтау мақсатында «Ашық үкімет» платформасы құрылды”-дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің фейсбук парақшасында. 

 «Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудан тұрады, 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:00-де «Astana Hub» базасында «brainstorm» конференциясы өтеді, онда біз «Ашық үкіметті» дамыту тұжырымдамасын талқылаймыз. Барлық ниет білдіруші азаматтарды талқылауға шақыра отырып, ашық үкіметті одан әрі дамыту үшін ұсыныстарды бірге қарастырғымыз келеді. Біздің мамандар талдау жүргізіп, проблемалық мәселелерді анықтады. Олардың шешімдері сервис жұмысын едәуір жақсартады. Ал біздің мақсатымыз - барынша пайдалануға ыңғайлы әрі оңай етіп жасау. Біз барлығын қабылдауға дайынбыз. Сондықтан «Ашық үкіметті» жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізе алатын журналистерді, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, блогерлерді және түрлі саланың мамандарын қатысуға шақырамыз.

Талқылауға қосылу үшін мына https://zoom.us/j/92044191804 сілтеме бойынша өтесіз” деп хабарлайды министр фейсбук парақшасында
 
 
 

860 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз