Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Қаңтар, 2021

ҚПЛ-2021: Чемпионатқа қатысатын 14-команда белгілі болды

Қазақстан-2021 чемпионатының 14-ші қатысушысы «Арыс» клубы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига командаларының санын 12-ден 14-ке дейін көбейтуіне байланысты, «Арыс» командасы Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды. «Арыс» футбол клубы Түркістан облысының намысын қорғайды», - делінген клубтың Instagram-да жарияланған ресми хабарламасында.

2020 маусымда «Арыс» командасы бірінші лигада өнер көрсетіп, екінші орын алды. 

860 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз