Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қаңтар, 2021

Елордада қазақ тілін үйрететін клуб ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін, KAZGUU  Университеті мемлекеттік тілді қолдау мақсатында тегін ауызекі сөйлеу клубын ашты деп хабарлайды Kazgazeta.kz  М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», –деген болатын Президент 2021 жылдың 6 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында.

«Біз 2020 жылдың соңында ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба бастаған болатынбыз. Соның негізінде идеясы өзгеше «Кел, қазақша сөйлесейік!»  клубы құрылып отыр. Мұнда сабақ ұлттық менталитет, тарих пен фольклордың ерекшеліктерін, қазақ халқының құндылықтары мен басымдықтарын ескере отырып, арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Ауызекі сөйлеу клубының мүшелері әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен қоғамның өзекті тақырыптарын талқылайды», - деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева.

Университет баспасөз қызметінің хабарлауынша, сабақ аптасына екі рет ZOOM платформасында және офлайн форматта өтеді. Алғашқы сабақ 21 қаңтар күні сағат 17:00-де басталады. Қызығушылық танытқан кез келген адам сілтеме http://bit.ly/qazsoile арқылы өтіп, қазірден бастап жобаға тіркеле алады. Елордалық университеттің сайтында клуб жұмысына қазақ тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетін кез келген адам қатыса алатыны жазылған.

 Клуб мүшелерінің жас ерекшелігі, қазақ тілін білу деңгейі маңызды емес. Тегін курсты білікті мамандар жүргізеді. 

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз