- Айна
- 13 Қаңтар, 2021
Зейнетақы төлемдерін аудару үшін онлайн шот ашуға болады

Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін пайдалану мақсатында «Отбасы банк» қосымшасында шот ашуға болады.
Азаматтардың жинақтағы ақшаны алуға өтінім беретін онлайн платформа толық дайын. Десе де, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қол қойылуы керек. Азаматтар қаражатты баспана алу, емге жұмсау үшін «Отбасы банк» қосымшасынан шот аша алады.
Банк өкілдері азаматтарға жинақтағы қаражатты алу үшін шот ашуға кеңес береді.
Ол үшін:
- App store немесе Play Market-тен ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеу керек;
- Қосымшада "Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу" батырмасын таңдайсыз;
- Байланыс нөміріңізді және ЖСН жазыңыз;
- Сіздің байланыс нөміріңізге SMS код келеді. Сол құпия таңбаны еңгізесіз;
- Бағдарлама жеке куәлікті сканерлеуді сұрайды;
- Келесі кезек өзіңізді куәландыру қажет. Телефон экранына қарап, нұсқаулық бойынша шарттарды орындаңыз;
- Верификациядан өткеннен кейін сауалнама бойынша деректеріңізді толтыру керек;
- Шот ашуға арналған өтінішпен танысып, талаптарды оқыңыз;
- Өзіңізге ыңғайлы қосымшаға кіретін құпия сөз ойлап табыңыз;
- Біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылады.
Өтініш беру үшін:
- Порталға кіру, ЭЦҚ-мен авторизациялану және жеке кабинет ашу.
- Ақшаны қандай мақсатта жұмсағысы келетінін таңдау. Әр мақсаттың өзіндік құжаттар тізімі бар, оларды алдын-ала сканерлеу керек.
- Жұмсағысы келетін соманы көрсету керек.
- "Өтінімді қалыптастыру" батырмасын басыңыз.
- БЖЗҚ-ға қаражат сұрату үшін қажетті үш өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Келесі қадам азаматтардың арнайы шоты болған жағдайда "БЖЗҚ-ға өтінім жіберу" батырмасын басады. Шоттағы жеткілікті соманың бар екені жайлы хабарлама келген соң құжаттарды жүктеу керек. Құжаттар арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін 45 жұмыс күні ішінде жүктелуі керек.

108 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *