Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қаңтар, 2021

Елімізде мектеп асханалары ашыла ма?

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Оқу жылының үшінші тоқсанында мектеп асханалары ашыла ма?» деген сұраққа жауап берді.


Мектеп асханасы бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайы қолайлы аймақтағы кейбір өңірлерде мектеп асханаларын ашу бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады», - деп жауап берді Е. Қиясов ОКҚ-да өткен брифингте тілші сауалына.

Бұған дейін Ерлан Қиясов Православ дініндегі Крещение мерекесі қалай өтетінін айтты. Сонымен бірге, британдық коронавирус штаммы Қазақстанда тіркелмегендігі мәлім болды.

 

383 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз