Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Кубаға аттанып кетті. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері кубалық әріптестерімен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Аталған жиынға ұлттық құрама сапындағы және резервтегі боксшылар шақырту алған. Спортшыларға Ғалымбек Кенжебаев, Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Аскар Еркебаев сынды бапкерлер басшылық жасайды. Дайындық екі аптаға созылады.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан ұлттық құрама сапындағы бірқатар қазақстандық боксшы жаттығу өткізу үшін АҚШ-қа аттанды. Олардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов, Закир Сафиуллин сынды боксшылар бар