Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2021

Шахта апатында жоғалған кеншінің денесі табылды

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай салдарынан жоғалып кеткен кеншінің денесі жансыз күйінде табылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz  «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Оны құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. 37 жастағы Шадиров Николай Рамазанұлы аталған кен орнында 16 жыл қызмет істепті.

Еске салсақ, кеше түнде аталған шахтада газ метанның шамадан тыс бөлінуі салдарынан 136 кенші жер бетіне шығарылған. Ал, бұрғылау құрылғысының машинисі жер астында қалып қойған болатын. Оның қасындағы екі әріптесі жедел ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты.

Боранқұл Махин, Х.Мақажанов атындағы көп салалы клиникалық орталық жетекшісі:

- Бастары айналады, ұйқысы келеді, құсқылары келеді. Олардың қазіргі жағдайы сондай. Қазір кішкене жақсарды. Орта дәрежелі деп санаймыз. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Естерін жинады, есін біледі.



565 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз