Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қаңтар, 2021

COVID-19: ДДСҰ ғалымдары Уханьға жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары коронаиврустың таралуы мен шығуын зерттеу мақсатында  Қытайдың Ухань қаласына барды. 

10 адамнан құралған сарапшылар тобы бір айға жуық уақыт бойы зерттеу жұмыспен айналысады. Арасында АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланд, Катар мен Вьетнам елдерінің вирусологтары бар. Алайда іске кіріспес бұрын мамандар алдымен карантинде отырып шығу керек.

Десе де кей жұмыстар қытайлық ғалымдармен видеобайланыс арқылы қашықтан пысықталады. Айта кетейік, күні бүгінде дейін жер жаһанды жайлаған коронавирустың шығу себебі жайында түрлі болжам келтірілді.

Бастапқыда вирус Қытайдың Ухань қаласыннан таралды делінсе, кейін аурудың Қытайда тіркелмей жатып, Еуропада шыққаны жайлы да мәлімдемелер жасалды. Енді ғалымдар вирустың адамға алғаш қалай жұққанын анықтау үшін күш біріктірді.

Маргарет Харрис, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

– Ғалымдар өте күрделі жұмыс атқармақ. Жануарлар мен адамдарға жұққан вирусты толық зерттеу үшін Қытайдың Ухань қаласына аттанды. Індетті ең алғашқы жұқтырған тұрғындармен кездесіп, олардың қайда барғанын, кіммен қарым-қатынаста болғанын анықтайды. Зертханалық жұмыстармен де жақын танысады. Бұл күллі әлемге ортақ мәселе болғандықтан, түрлі елдердің ғалымдары бірлесе жұмыс істеп отыр. Осының арқасында аз ғана уақыт ішінде вакцина шығарылды. Мұның бәрі тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асқан іс.



713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз