Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қаңтар, 2021

Атырау облысында қатты жел үш мектептің шатырын ұшырып жіберді

Атырау облысының Мақат ауданында қатты жел үш мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында қатты желдің екпіні басылар емес. Бұған дейін тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкеткен еді.

Қатты желден Индер мен Мақат ауданында нысандардың шатыры бүлінген. Мәселен, Индербор кентінің Д.Қонаев көшесінде орналасқан «Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық бөлімшесі кеңсесінің, Қорғантау көшесіндегі тұрғын үйдің бірінің шатырын ұшырған.

Ал, Мақат ауданында үш мектептің шатыры бүлінген. Мұнда саз мектебінің, О.Сарғұнанов және С.Шарипов атындағы орта мектептердің төбе жабындысы ұшқан.

Сондай-ақ, сұрапыл жел көп қабатты тұрғын үйдің шатырын қиратып кеткен.



431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *