Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қаңтар, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды

Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі болды. Оның кандидатурасын партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, фракция жиынына қатысушылар бірауыздан мақұлдаған. Бұл туралы Айдос Үкібай «Твиттерде» жазды.

«Фракция отырысында «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшілігіне ұсынды», - деп жазды ол.

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің өткен шақырылымында төменгі палатаның төрағасы болды. 2016 жылы да Мәжіліс спикерлігіне бірауыздан мақұлданған еді. Ал 2019 жылы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі болып тағы таңдалды.

520 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз