Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қаңтар, 2021

БЖЗҚ жаңа қызметті іске қосты

Бірыңғай жинақтаушы зеййнетақы қоры зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа сервисті іске қосты.

«Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік құпиясөз арқылы кіру қажет», – деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

Бір реттік құпиясөз арқылы порталға кіру үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

  • өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
  • дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
  • «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
  • жолданған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.

Айта кетейік, Қазақстанда жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емдеу рәсімдерінің ақысын төлеуге жұмсауды, сондай-ақ, инвестициялық басқару үшін жеке басқарушы компанияларға беруді қарастыратын заң қабылданды.

480 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз