Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы немен байланысты екенін айтты

Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты.

«Мықты инклюзивті қоғам құрудағы басты құрал – тиімді әлеуметтік саясат болып саналады. Адам дамуы индексінің көптеген көрсеткіштері бойынша елеулі прогреске қарамастан, Қазақстан жетекші елдерден артта қалып отыр. Адами капиталдың жоғары сапасы – Қазақстанды қоса алғанда, барлық мемлекеттердің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттігінің негізі. Әлем білім экономикасына бет бұрып жатыр. Бұл шындық», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазір Тәуелсіздік ұрпақтары саны жағынан еліміздің барлық азаматтарының жартысын құрайды.

«Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Еліміздің болашақтағы әл-ауқаты дәл солардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.

 

581 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз